Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек министрі қызметінен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Светлана Жақыпова министрлікті 2023 жылғы қыркүйектен бастап басқарды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған. 2017 жылдан 2019 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ Светлана Жақыпова бұған дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалық офисінің бағдарламалар жетекшісі қызметтерін атқарған.