Тоқаев Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындау жүргізді
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.