Тоқаев Қазақстанның елшілері құрамында өзгерістер жасады
Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін ауыстырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Атап айтқанда:
- Алмас Сейтақынов Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Сергей Викторов Қазақстанның Шри-Ланка демократиялық социалистік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Қазақстанның Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Олжас Сүлейменов Қазақстанның Дания корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Оқи отырыңыз: Италия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді