Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі "Бірлігіміз – әралуандықта" тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Тұжырымдама Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды көздейді. 

"Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске салайық, сәуірде президент Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдаманы әзірлеуді, сондай-ақ этносаралық саладағы барлық республикалық және өңірлік жұмыс жоспарларын жан-жақты талдап, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.