Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.