Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз