Тоқаев Ерболат Досаевты Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатты
Ол бұл қызметті 2025 жылдың қыркүйек айынан бері атққарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатты. Бұл туралы Президенттің тиісті жарлығында айтылған.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Досаев Ерболат Асқарбекұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Ерболат Досаев аталған қызметке 2025 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын. Бұған дейін, 2022 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың мамырына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.