Ерболат Досаев жаңа лауазымға тағайындалды. Ол енді президент әкімшілігінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп хабарлайды Ақорда.
Ерболат Асқарбекұлы 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Ол 1993 жылы Алматы энергетикалық институтын, сонымен қатар Мәскеудің Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы – электрондық техника инженері. Еңбек жолы:
- 1993 - 1994 жж. – менеджер, "Іскер" халықаралық ғылыми-өндірістік кәсіпорны;
- 1994 ж. – директордың орынбасары, Вега шағын кәсіпорны;
- 1994 - 1996 жж. – директордың орынбасары, директор, "Фирма "Акцепт" ЖШС;
- 1996 - 1997 жж. – директор, бірінші вице-президент, бас директор, "Корпорация "Акцепт" ЖТАҚ;
- 1997 ж. ақпан - тамыз – басқарма төрағасының орынбасары, "Банк Тұран-Алем";
- 1997 ж. тамыз - 1998 ж. наурыз – басқарма төрағасы, "Алматинский торгово-финансовый банк" ЖАҚ;
- 1998 ж. наурыз - шілде – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі;
- 1998 ж. шілде - 2000 ж. ақпан – ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
- 1999 ж. желтоқсан - 2001 ж. шілде – ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі;
- 2000 ж. ақпан - 2001 ж. қараша – ҚР Қаржы вице-министрі;
- 2001 ж. қараша - 2002 ж. тамыз – ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;
- 2002 ж. қыркүйек - 2003 ж. маусым – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау агенттігінің төрағасы;
- 2003 ж. маусым - 2004 ж. сәуір – ҚР Қаржы министрі, ЕБРР-дегі Қазақстанның басқарушысы;
- 2004 ж. сәуір - 2006 ж. қыркүйек – ҚР Денсаулық сақтау министрі;
- 2012 ж. қыркүйек - 2013 ж. қаңтар – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі;
- 2013 ж. қаңтар - 2014 ж. тамыз – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
- 2014 ж. тамыз - 2016 ж. мамыр – ҚР Ұлттық экономика министрі;
- 2016 ж. мамыр - 2017 ж. тамыз – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы;
- 2017 ж. тамыз - 2019 ж. ақпан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
- 2019 ж. ақпан - 2022 ж. қаңтар – ҚР Ұлттық банк төрағасы;
- 2022 жылғы 31 қаңтардан бері – Алматы қаласының әкімі (2022 жылғы 2 желтоқсанда қайта тағайындалды).
Еске салайық, биылғы мамырдың соңында Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті.
USD:
482.3 / 485.3
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.75 / 5.91
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…