Мемлекет басшысы Instagram парақшасы арқылы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.

"Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Республикамыздағы барлық мектеп миллиондаған шәкіртке есігін айқара ашады. Өскелең ұрпақ – еліміздің ертеңі! Мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайды. "Мектептің жаны – мұғалім" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында.

"Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін", – деді мемлекет басшысы.