Тікелей эфир

Тоқаев: Біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз

Президент ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Instagram парақшасы арқылы қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады.

"Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Республикамыздағы барлық мектеп миллиондаған шәкіртке есігін айқара ашады. Өскелең ұрпақ – еліміздің ертеңі! Мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайды. "Мектептің жаны – мұғалім" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында.

"Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін", – деді мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары