Мемлекет басшысы әділет министрі Азамат Есқараевты қызметінен босатып, оның орнына Ерлан Сәрсембаевты тағайындады. 

Президент жарлықтары Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

"Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент жарлығында. 

Мәжілістің баспасөз қызметі заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің отырысында әділет министрі қызметіне Ерлан Сәрсембаевтың кандидатурасы мақұлданғанын хабарлаған болатын. 

Ерлан Сәрсембаев 2023 жылғы қаңтардан бері Конституциялық сот судьясы қызметін атқарды. 

Еске салайық, 6 қаңтарда мемлекет басшысы Түркістан облысын басқарған Дархан Сатыбалдыны Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Ал Түркістан облысы басшылығына Нұралхан Көшеров тағайындалды. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының экс әкімі енді – Тоқаев әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары