Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне барды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.   

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігіне барып, II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінде. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ІІ Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.


Оқи отырыңыз: 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Король ІІІ Карлдың, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.  Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"Оның даналыққа, мейірімге және жігерге толы басшылығы Біріккен Корольдіктің одан да тұрақты, алуан түрлі және өркендеген қоғам құру жолында қарқынды дамуына өз септігін тигізді. Ол халықаралық қауіпсіздік пен орнықты дамуды нығайтуға бағытталған күш-жігерді ілгерілетуде көшбасшы болды. Оның тектілігі, қадір-қасиеті мен орасан зор жетістігі әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре түсетініне, ал мол мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенімдімін", – деп жазылған Қазақстан президентінің жеделхатында.