ТМД елдерінің геопорталы іске қосылды. Бірақ онда неге Қазақстанның картасы жоқ
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің инфрақұрылымының геопорталы ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы ТМД атқарушы комитеті хабарлады.
Бұған дейін, 1 желтоқсанда портал өнеркәсіптік пайдалануға берілген болатын.
"ТМД Геопорталы – азаматтардың, мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің, ғылыми және білім беру ұйымдарының мүддесіне арналған, ТМД-ға мүше мемлекеттерде жоғары сапалы, сенімді, заңды маңызы бар стандартталған кеңістіктік деректер мен сервистерді іздеу, тарату, жүйелеу және оңтайландыру мақсатында құрылған бірыңғай геоақпараттық алаң", – делінген сайтта.
Жобаға жеті ел: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қатысатынына қарамастан, порталда әзірге тек үш елдің – Ресей, Беларусь және Қырғызстанның инфрақұрылым картасы салынған.
"Жобаның бірінші кезегінің аясында қолданушылар Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің ашық мемлекеттік мәліметтеріне қол жеткізе алады. Ал 2026 жылы платформа Тәжікстан туралы деректермен толығады, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Армения және Әзербайжанмен жұмысты күшейтеміз", – де түсіндірді мұны жоба авторлары.
Айта кетейік, порталдағы мәліметтермен тегін танысуға болады.