TikTok қазақша сөйлей бастады
Android және iOS жүйелерінде қазақ тіліндегі мобильді қосымшаны таңдауға болады.TikTok қысқа бейнероликтер платформасы енді қазақ тілінде де қолжетімді, деп хабарлады TikTok PR қызметі.
Сондай-ақ, TikTok қосымшасының интерфейс тілін кез-келген уақытта өзгертуге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді жасау керек:
- Оң төменгі бұрыштағы "Профиль" батырмасын басу;
- Оң жоғары бұрыштағы үш сызық белгісін басу;
- "Настройки и конфиденциальность" батырмасын басу;
- "Язык приложения" батырмасын басу;
- Қазақ тілін таңдау.
TikTok платформасында қандай контентті жариялауға болатыны, ал қандай контентке тыйым салынатыны туралы қазақ тілінде осы жерден оқуға болады.
Оқи отырыңыз:
- Үздік TikTok ролигін түсірген мұғалімдер сыйға iPhone 13 алады
- WhatsApp, TikTok, Roblox. Қазақстандық балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі қолданады?