Тікелей эфир

Үздік TikTok ролигін түсірген мұғалімдер сыйға iPhone 13 алады

Байқауға қатысу үшін 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта педагогтар TikTok желісінде танымдық бейнероликтер жариялауы қажет.

TikTok Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен мұғалімдерге арналған #ҚазақстанМұғалімдері байқауын іске қосты. Оған өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер түсірген қазақстандық мұғалімдер қатыса алады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Байқау барысында 6 қазаннан 1 желтоқсанға дейін педагогтар өз пәнінің тақырыбы бойынша танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің кем дегенде 30 секундқа созылуы маңызды, ал оларды жариялау кезінде  байқаудың #ҚазақстанМұғалімдері  хэштегі пайдаланылуы тиіс.

«Біздің елімізде пәндік сабақтарын, білім мен ғылымды ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен бейне платформаларды қолданатын көптеген педагогтар бар. Осының арқасында онлайн-форматта елдің әр түкпірінен келген пайдаланушылар жаңа білім алады. TikTok жетекші платформасының өкілдері біздің педагогтардың бастамаларын бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін конкурстар ұйымдастыратыны қуантады. Бұл TikTok алаңында білім беру контентін бірлесіп ілгерілету үшін қосымша ынталандыру болады", – деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуәлиева.

Құрамына жобаның елшілері, TikTok платформасының және Оқу-ағарту министрлігі кіретін қазылар алқасының мүшелері қатысушыларды үш номинация бойынша бағалайды:

  • Ең креативті мұғалім. Марапатты белгілі бір тақырыпты қысқаша, түсінікті және креативті түсіндіре алған автор алады. Номинацияны платформадағы ең креативті мұғалімдердің бірі - химия пәнінің мұғалімі және студенттерді өз пәніне қалай қызықтыру керектігін жақсы білетін аниме жанкүйері Ұлан Үсенов @wannabeteacher ұсынады.
  • Жаңа мұғалім. Жеңіс байқау кезінде жаңа аккаунты ең көп қаралымға ие болған мұғалімге беріледі. Номинацияның амбассадоры жас математика мұғалімі Данияр Сеңгірбай @aks.dani болады.
  • Үздік бейнеролик. Хэштегі бар бейнеролигі байқау кезінде ең көп қаралымға ие болған мұғалім жеңімпаз болады. Номинацияны @jump2mars жобасы ұсынады, ол Қазақстандағы TikTok-та танымдық контентті алғашқылардың бірі болып танымал ете бастады және оның роликтері жүздеген мың лайк жинайды.

Байқау жеңімпаздары iPhone 13 PRO Max смартфондарын, сондай-ақ TikTok контент жазушылары ретінде дамуын жалғастыруға көмектесетін Дарындарды дамыту бағдарламасына шақыру алады.

Серіктестер жаңалықтары