Теңге әлсіреді: биржада доллар қымбаттады
Доллар бағамы 494 теңгеден асты.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 494,66 теңгені құрап, 4,89 теңгеге өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.
Сауда нәтижесінде ұлттық валюта бағамы әлсіреген. Ал Қазақстан Ұлттық банкі 20 ақпанға бекіткен ресми доллар бағамы 489,17 теңге деңгейінде.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 495,02 теңге, ал сату бағамы – 497,42 теңге.
Астанада доллар орта есеппен 492,97 теңгеге сатып алынып, 499,99 теңгеге сатылып жатыр.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы 495,47 теңге болса, сату бағамы 497,71 теңге болды.