Теміртауда екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға сағат 8.06-да Ватутина көшесінде болған. Дүкен ғимараты құлап, өрт шықты. Үйінді астынан бір әйел шығарылды. Ол үйінділер астында ер адамның қалғанын хабарлады. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сағат 9.08-де өрт 40 м2 аумақта оқшауланды.


Оқи  отырыңыз: Астанада өрт сөндірушілер көпқабатты үйде болған өрттен 7 адамды құтқарды