Әлемдік практикада шылымнан бас тартудың бір жолы – оның балама түріне, яғни темекіні қыздыру жүйесіне өту болып табылады. Мұның қаншалықты тиімді екенін бағалауға арналған клиникалық зерттеу қорытындысы 11 қыркүйекте жарияланды. Зерттеуге Жапония, Германия, Польша, Болгария, Грекия және Чехиядағы 37 медициналық мекеме қатысқан. 

Зерттеуге 982 дені сау еріктілер қатысты, олардың 888-і үш топқа бөлінді:  

  • Қазіргі темекі шегушілер – темекі шегу өтілі 10 жылдан асқан адамдар.  
  • Темекі қыздыру жүйелерін  пайдаланушылары – кем дегенде 2 жылдан бері темекіні қыздыратын жүйені қолданушылар және бұрын 8 жылдан астам уақыт темекі шеккендер.  
  • Бұрынғы темекі шегушілер – соңғы 2 жылдан астам уақыт темекі шекпегендер, бірақ бұрын 8 жылдан артық уақыт темекі шеккендер.

Медициналық мекемеге келген кезде олардың қан мен зәр сынамалары алынып, 9 биомаркер және басқа қосымша көрсеткіштер бойынша функционалдық диагностикалық тесттер жүргізілді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда темекі шегуден бас тартуға көмектесетін мобильді қосымша әзірленеді


Жаңа зерттеудің нәтижелері кәдімгі темекіден темекі қыздыру жүйелеріне ауысқан кезде денсаулыққа зиянды азайту әлеуетін растайтын қолданыстағы деректерді толықтырады.

Зерттеу нәтижелері темекіден темекіні қыздыратын жүйеге ауысқан темекі шегушілердің биомаркерлері жақсарғанын көрсеткен. 

"Темекіден және никотиннен толық бас тарту – шылым шегушінің өз денсаулығы үшін жасайтын ең дұрыс таңдауы. Темекі қыздыру жүйелері зиянсыз емес және тәуелділікті тудыратын никотинді қамтығанымен, біздің бүгінгі күнге дейінгі клиникалық зерттеу бағдарламамыз темекі қыздыру жүйелеріне ауысқан ересек шылым шегушілерге зиянды заттар аз әсер ететінін және темекі шегумен байланысты көптеген биомаркерлердің потенциалды зиян көрсеткіштерінде оң өзгерістер көрсететінін айқындады. Бұл өзгерістер темекі шегуден бас тартқан кезде байқалатын өзгерістерге ұқсас. Кәдімгі темекіден темекіні қыздыратын жүйеге ауысудың темекі шегумен байланысты аурулар қаупін төмендететіндігіне дәлелдер алу үшін темекіні қыздыратын жүйенің денсаулыққа ұзақ мерзімді әсерін зерттеуді жалғастыру қажет", – деді "ФМҚ" компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Олжас Бибанов.