Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында бірқатар ұсыныстар жариялады. Израильдегі қазақстандықтар үшін де апаттық желі ашылды.

"Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауы аясында Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық қазақстандық азаматтарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қырағы және абай болуды ұсынады", – делінген үндеуде.

Сонымен қатар қазақстандықтарға соңғы жаңалықтарды қадағалап, елшілікпен байланыста болуға кеңес беріледі. Қазақстандықтар үшін апаттық байланыс желілері ашық.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
  • +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)