Талғардағы Шерзаттың өлімі: Полиция қандай қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізіп жатыр
Тергеу барысын ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алған.Ішкі істер министрлігі мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта Талғардағы Шерзат Полаттың өлімі бойынша Алматы облысының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша тергеу жүргізіп жатқаны айтылған:
- 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру);
- 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық);
- 115-бабы (қорқыту);
- 432-бабы (қылмысты жасырып қалу);
- 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау).
"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріде жұмыс істеуде. Қазіргі танда қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оның барысында оқиға болған жерде болған басқада адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады", – деп жауап берді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Құзырлы министрліктің мәліметінше, қазір еліміздегі криминогендік ахуал тұрақты.
Оқи отырыңыз: 16 жастағы баланың қазасы: сот Талғарда жеті күдіктіні 2 айға қамады