Талғарда бүгін, 2024 жылғы 5 қарашада болған жер сілкінісінен кейін мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылды.

Бұл туралы Талғар ауданы бойынша білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы тұрғындары бүгін жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісі туралы ақпаратты қаланың Төтенше жағдайлар департаменті растады.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласында жер сілкінісінің қуаты 3 балл болып тіркелсе, Талғарда оның қуаты – 4 балл: