Талғар ауданында полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқармаға Асхат Бекенов басшы болып келді. Ол бұған дейін Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары болған.

Ішкі істер органдарында 1997 жылғы тамыз айынан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын Павлодар облысы Қашыр аудандық АІІБ КПБ жедел уәкілі болып бастаған.

Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда  16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтіру фактісі бойынша 11 адам ұсталды.

9 желтоқсанда Талғардың шетінде Шерзаттың туысқан ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ол қайтыс болғанға дейін туыстарына хабарлама жазған.

Жерлеу кезінде Қаржаубай Нұрымов жол бөлігін жауып, адамдарға пышақпен шабуыл жасады. Ол үшін 15 тәулікке қамауға алынды.