Елдегі тәртіпсіздік кезінде тағы бір әскери қызметкердің көз жұмғаны белгілі болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ефрейтор Ғабдолла Смаилқанов қайтыс болды. Ол небәрі 25 жаста еді. Қорғаныс ведомствосы марқұмның отбасына қажет материалдық көмек көрсетеді", – деді министрліктегілер.

Еске салсақ, Атыраудағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаздың жарақат алғаны туралы хабарлаған едік.