Полиция департаментінің басшысы тәртіпсіздік кезінде бір адамның көз жұмғанын мәлімдеді.
Облыс коменданты – полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиевтің хабарлауынша, Атыраудағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақат алды.
"Жаппай тәртіпсіздік кезінде 49 полицей мен 27 сарбаз жарақаттанып, бір адам көз жұмды. Мұнымен қатар, облыстық әкімдік ғимараты мен полицияның 7 көлігі бүлінді. Заңсыз митингіге қатысқан 275 азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді", – деді Қамза Үмбетқалиев.
Бұдан өзге ол жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 186 күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Бүгін тұрғындар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау үшін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің 62 мұғалімі полицейлермен бірге жаяу патрульдеуге шықты", – деп қосты Қамза Үмбетқалиев.
100-ге жуық полиция ардагері мен ерікті қоғамдық тыныштықты сақтауға көмектесуге ниет білдірген.
Еске салсақ, елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін 2 265 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ауруханаларда 83 адам ауыр халде жатыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-