Шағымданушылар терезесі сынып, қабырғасы қақырап жатқан пәтерлердің кемшіліктерін жіпке тізді, деп хабалайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл көпқабатты үйлер екі ай бұрын пайдалануға берілген. Ішінде 110 пәтер бар. Тұрғындар жаңа баспаналарына кіре алмай сергелдеңге түскен, себебі үйге инфрақұрылым желілері толық тартылмаған.

"Жылу, жарық жоқ. 15 ақпанда трансформатор келеді деген, бірақ әлі әкелген жоқ. тек уәде беріледі, іс жүзінде ештеңе істеліп жатқан жоқ. жаңа тұрғын үй деген аты ғана. Жаңа тұрғын үй деген тек аты ғана. Қасбетінде мін жоқ болғанымен, ішінде сын көп. Қабырғасы қақырап, көгеріп кеткен. Едені мен төбесі жұқа. Терезесі шытынап, гулеп жел үреді", – деді Талдықорған қаласының тұрғыны Еәзира Тишебаева.

Осы себепті жүздеген отбасы жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр.

Жаңа пәтерлердің кілті көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік осал топқа жататын адамдарға берілген. Олар ипотеканы 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 13 жылға алған екен. Ай сайын 140 мың теңгеден астам несие төлейді. Ал халықпен кездесуге келген мердігер компания өкілі құрылыста кеткен кемшіліктерді бір аптада жоюға уәде берді.


Оқи отырыңыз: Шатырдан су ағып, қабырға қақырап тұр: Атыраулықтар тұрғын үй жағдайына шағымданды


"Құрметті жиырма тоғызыншы үйдің тұрғындары, мына кеткен қателік екі-үш күн аралығында қайтадан қалпына келтіріледі. Ол жаңағы жұмыс барысында кеткен кішігірім қателіктер еді. Шу болып жатқан мәселенің бәрі осы аптаның аяғына дейін реттелед", – деді "Жаркент алғыр" ЖШС өкілі Бекасыл Отарғали.

Қалада 16 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр.