Талдықорған полициясының басшысы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Жетісу облыстық Полиция департаменті хабарлады.

"Қалалық полиция бастығы 27 жастағы облыс орталығының тұрғынын зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс "Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау" бабы бойынша тергелуде", – деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті бұл іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты тергеуді ерекше бақылауға алды.


Оқи отырыңыз: Бала зорлады деген күдікпен деструктивті діни ағым өкілі ұсталды


Талдықорған қалалық ІІБ бастығы қызметін генерал Марат Күштібаев атқарды.