Такси жүргізушілері жолаушылардан қолма-қол ақы талап ете бастады
Мобильді аударымдар бақылауға алынғаннан кейін такси жүргізушілері де жолаушылардан қолма-қол ақы талап ете бастады.Алматы қалалық кірістер департаментінің қызметкерлері жолаушы таситын жүргізушілерге де жаңа декларация бойынша жеңілдік қарастырылғанын жеткізді. Яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелген такси жүргізушілеріне ай сайынғы табысының 1 пайызын ғана салық есебінде төлеуге болады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мамандардың айтуынша, такси жүргізушілеріне жолаушылардан қолма-қол төлем талап етуге негіз жоқ.
Оқи отырыңыз: Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
"Мобильді қосымша арқылы кәсіпкер ретінде тіркеліп, 1 пайызын төлейді. Демек, соның ішінде кассалық аппарат, соның ішінде нысанын тапсыру, егер ол бөлек патент негізінде болса – есеп тапсыруы керек. Егер мобильді қосымша арқылы болса, есеп тапсырылмайды. Ай сайын 1% жеке салығын төлеп отырады. Бұған қоса, әрине, әлеуметтік төлемдер бар. Бұл жерде QR кодты қою ешқандай қиындық тудырмайды", – деді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева.