Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарды қолдау шаралары туралы мәлімдеді.

Министрлік отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттерін іске қосты. Бұл пакеттер аталған елдер аумағында болған кезде интернетті және қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді.

Қолдау шаралары туралы толық ақпаратты мобильді операторлардың ресми сайттары мен қосымшаларынан алуға болады. Сонымен қатар азаматтар Қазақстан Республикасының ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын сақтауға, жеке қауіпсіздікке және жақындарының амандығына ерекше назар аударуға шақырылды.

Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, шетелдегі отандастарға қажет қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыратынын хабарлады.