Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Көлік министрлігінде жедел штаб отырысы өтіп, қазақстандықтарды елге қайтару тетіктері пысықталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Жиынға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, Қазаэронавигация, Азаматтық авиация комитеті өкілдері және отандық әуе компаниялары – Air Astana, FlyArystan, SCAT Airlines, Vietjet Kazakhstan және Qazaq Air басшылығы қатысты. Отырыс барысында өңірдегі жағдай, тоқтатылған рейстер жолаушыларына қолдау көрсету шаралары және баламалы әрі қауіпсіз бағыттар арқылы азаматтарды елге жеткізу жоспарлары талқыланды.

"Қазіргі уақытта Иран, Израиль, БАӘ, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Сауд Арабиясы, Қатар, Оман, Ирак және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде шектеулер бар немесе тұрақсыз жағдай сақталып отыр. Осыған байланысты 28 ақпанда 14 рейс, 1 наурызға жоспарланған 12 рейс тоқтатылды. Ал 2 наурызға Таяу Шығыс бағытында 13 рейс жоспарланған", – делінген хабарламада.

Министрлік ұшулар шектеумен орындалып жатқан елдер бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Отандық әуе компанияларымен бірлесіп, азаматтарды елге қайтарудың қауіпсіз бағыттары айқындалып жатыр. Әуе кеңістігі ашылған жағдайда қосымша әуе кемелері тартылып, кері рейстер орындалады.

Тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс нөмірлері:

Жолаушыларға жедел ақпарат беру үшін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі базасында колл-орталық іске қосылды:

+7 7172 77 98 21
+7 7172 79 82 13
+7 7172 79 82 14

Әуе компаниялары:

Air Astana
+7 727 244 44 77
+7 7172 58 44 77
+7 702 702 44 77

FlyArystan
+7 727 331 10 10
WhatsApp: +7 702 702 02 27

SCAT Airlines
+7 7252 99 88 80

Qazaq Air
+7 727 356 14 14

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай
+7 7172 702 999

Алматы халықаралық әуежайы
+7 727 228 00 19

Жедел штаб жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалғастырып отыр.