Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
Келісімге президенттің Қытайға сапары аясында қол қойылған болатын.Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим екі-үш айдан соң енгізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
"Президентіміздің Қытайға сапары аясында келісімге қол қойылды. Екі ел арасындағы ішкі рәсімдер бірнеше ай, тіпті бір-екі айға созылуы мүмкін. Бәрі аяқталған соң екі тарап бір-бірін хабардар етіп, келісім күшіне енеді", – деді Айбек Смадияров.
Құжат жобасына сәйкес, келісім белгісіз мерзімге жасалады. Екі тарап қажетті рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған соң 30 күн өткеннен кейін визасыз режим енгізіледі.