Тікелей эфир

Қазақстан "Талибанды" елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

"Талибан" БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізімінде жоқ, деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Қазақстан "Талибанды" елде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Kazinform тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

"Қазақстанда тыйым салынған аумақтық ұйымдардың ұлттық тізіміне оны өзектендіру мақсатында тұрақты түрде ревизия жүргізіліп тұрады. Аталған процесс аясында, БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, «Талибан қозғалысын» одан шығару туралы шешім қабылданды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, «Талибан қозғалысы» БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдар тізіміне кірмейді", – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан бұдан әрі де Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға "Талибан" экстремизмінен қандай қауіп бар?


Еске сала кетейік, бүгінде тәліптер әртүрлі елдермен, соның ішінде Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, әлемдік қауымдастық алдында өз беделін қалыптастыруға тырысып жатыр. Ең жақын көршілерімен белсенді сауда байланысын құруға күш салуда.

Серіктестер жаңалықтары