Полиция таяқ жеген жеткіншектердің ата-аналары мен діни тәлімгер мәмілеге келгендіктен істі тоқтатқан, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Денесі көгерген оқушылардың видеосы жарты жыл бұрын әлеуметтік желіде таралып, жұрт жағасын ұстаған болатын. Белгілі болғандай, молда үйінде оқушылардың діни сауатын ашқан. Бірақ ол эмоциясын ұстай алмай, балаларға қол көтерген.


Оқи отырыңыз: Атырау – Астрахань пойызындағы бала өлімі: Арнайы комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды


Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жаға ұстатарлық жағдайдан кейін мешіттің ұстазын қызметінен босатты. Мүфтият өкілдері білектің күшімен жеткіншектерге діни сабақ беретіндерді құптамайтындарын айтты.