Алматыда TKEA Тау курорттарының еуразиялық альянсы көшбасшыларының саммиті өз жұмысын бастады. Альянс құрамына Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Өзбекстанның жетекші тау курорттары кіреді. 

Саммиттің басты оқиғасы "Алматы тау кластері Еуразиялық тау шипажайлары альянсының мемлекетаралық туристік маршрутының негізі" халықаралық сарапшылық-инвестициялық форумы болды. Форумға Австрия, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Оңтүстік Кореядан 50-ден астам тау шипажайларының басшылары мен туризмді дамыту жөніндегі сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері – Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдіктерінің мүшелері қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы Алматы тау кластерін құру мүмкіндіктері болды. Еске сала кетсек, Қазақстанның 2029 жылға дейінгі жаңа Ұлттық даму жоспарында Алматы тау кластері еліміздегі туризмді дамытудың үш басым бағытының бірі ретінде көрсетілген.  

Форумға қатысушыларының пікірінше, Алматы тау кластерін құру идеясы – Шымбұлақ курортынан Ой-Қарағай курортына дейінгі аумақтарды заманауи гондолды көтергіш жүйесімен біріктіру. Шаңғы көтергіштері Алматының айналасындағы Ким-Асар, Бутаковка, Қотырбұлақ сияқты бірнеше ірі тау шатқалдарын біріктіріп, қыста 150 шақырым шаңғы трассалары мен жазда 100 шақырымнан астам жаяу жүру маршруттары бар біртұтас туристік аймақты құрайды деп жоспарлануда.  

"Алматы кластері бүкіл Еуразия аймағынан туристерді тарту орталығына айнала алады. Жобаға тау курорттарын салу мен басқарудағы үлкен тәжірибесі бар қазақстандық және халықаралық компаниялар қатысуға дайын, дегенмен барлық мүдделі тараптарды біріктіру үшін мемлекеттің жетекші рөлге ие болуы маңызды", – дейді ТКЕА бас хатшысы Андрей Кукушкин.   


Оқи отырыңыз: 7 адамның құшағы әрең жететін ағаш. Шарын ерен тоғайынан фоторепортаж


"Ой-Қарағай" тау курортының басшысы Дмитрий Матяс "кластер" сөзінің түпкі мәніне сәйкес дамытуды қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған және жергілікті және шетелдік туристер сұранысына ие демалыс орындарын біріктіруден бастау маңызды деген пікір білдірді, себебі ол осы әдістің ең тиімді және экономикалық тұрғыдан үнемді болатынына сенімді. Ал "Шымбұлақ" курортының бас директоры Ринат Әбдірахманов бұл жобаны Қазақстанмен көршілес елдерде бар оң тәжірибені пайдаланылуы себепті тек халықаралық деңгейдегі жоба деп есептейді.   

Ресейлік "Роза Хутор" тау курортының өкілі Сергей Хворостяный облыстағы барлық курорттарын біріктіретін жалғыз шаңғы трассасы бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Сочи тау кластерінің жұмысы туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.  

Форум барысында сарапшылар кластерді құру міндеті күрделі және көп қырлы мәселе екенін, оған мамандандырылған компаниялар мен сарапшылардың қатысуы, инвестициялық капитал, сондай-ақ мемлекеттік органдардың күш-жігері қажет екенін атап өтті. Ал еуразиялық елдерде жинақталған озық тәжірибелер мен құзыреттермен алмасу Алматы тау кластерін құру тәсілдерін әзірлеуде өте пайдалы болуы мүмкін. 

"Тау кластерін құру – бұл мемлекеттік дәрежедегі үлкен міндет дер едім, – деп атап өтті форумда Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігі Таулы маршруттар агенттігінің бас директоры Ираклий Бурчуладзе. – Грузияда капиталды көп қажет ететін тау туризмінің инфрақұрылымын құру жобаларын мемлекет жүзеге асырады. Шаңғы көтергіштерінің құрылысын экономика министрі жеке бақылайды және ол осы мәселе бойынша премьер-министрге үнемі есеп береді. Біз Қазақстанмен жинақталған тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Сіздерде тамаша табиғи мүмкіндіктер бар және оларды қуатты туристік экономиканы дамыту үшін пайдалану керек.         


Оқи отырыңыз: Түркі дәуірі суреттерінің көшірмесі қойылмақ: Алматыда петроглифтер саябағы ашылады


Саммит барысында Еуразиялық альянсқа кіретін тау курорттарының басшылары Оңтүстік Кореяның ең ірі тау курорты Mona YongPyong ТКЕА-ға кіру ниеті туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, Альянс ТМД елдері аясындағы ынтымақтастық шеңберінен шығып, бірлескен прогрессивті дамуға мүдделі шипажайлар үшін сұранысқа ие халықаралық платформаға айналады.