Сүт бағасы сегіз айда 9,5% өсті. Қазақстандықтардың сүт өнімдерін тұтыну көлемі азайып, экспорт үлесі артқан
Есесіне жыл сайын өңделген сұйық сүт көлемі мен кілегей өндірісі артып келеді. Қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі 359,6 мың тоннаны құрады.Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, отандық компаниялар сүтке сұранысты 96,3% орындады. Осы өнімнің 3,7%-ы немесе 11,9 мың тоннасы импортқа жіберілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7% көп. Ал сүт экспорты – 14,3%, яғни 18,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
2020 жылмен салыстырғанда сүт бағасы қаңтар-тамыз айларында 9,5% өсті, бұл – соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Республика бойынша пастерленген сүт бағасы бәрінен көп Өскемен және Қарағанды қалаларында қымбаттаған. Майлылығы 3,2%-4% болатын пастерленген сүт:
- Өскеменде орташа есеппен – 382 теңге;
- Қарағандыда – 357 теңге болды.
Ал майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт:
- Қарағанды – 275 теңге;
- Нұр-Сұлтан – 275 теңге;
- Өскемен мен Семейде – 274 теңге болды.
Орташа есеппен Қазақстан бойынша, майлылығы 2,5% сүттің литрі – 254 теңге, ал майлылығы 3,2%-4% болатын сүттің литрі – 302 теңгеден сатылды.
Биыл шикі сүтті тұтыну мөлшері айтарлықтай төмендеген:
- 2021 жылдың І тоқсанында адам басына шаққанда – 3,7 литр;
- 2020 жылдың І тоқсанында – 4 литр;
- 2019 жылдың І тоқсанында – 4,6 литрден келді.
Қалаға қарағанда ауылдық жерлердің тұрғындары сүтті көбірек тұтынады. Алайда ауылдық жерлерде де сүтті тұтыну көлемі екінші жыл қатарынан азайып келеді. 2021 жылдың І тоқсанында жан басына шаққанда – 6,3 литр, ал қалада – 1,8 литрден келді.
Есесіне жыл сайын өңделген сұйық сүт көлемі мен кілегей өндірісі артып келеді: осы жылдың қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 359,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 8,1% көп.