Су тасқынынан зардап шеккендер омбудсменге тікелей хабарласа алады
Жедел желінің байланыс нөмірін хабарлаймыз.Мәжіліс депутаты, Қазақстан президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау жасаудың жедел желісі туралы түсіндірді.
"Су тасқыны, эпидемия және басқа да төтенше жағдайлар кезеңінде халықтың әсіресе әлеуметтік осал топтары қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл тұрғыда, осы топтардың тиісті органдар мен құрылымдардан ақпарат алуына, сондай-ақ көмек пен қолдауға жедел қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жедел желінің қажет екенін түсінікті. Осыған байланысты Омбудсменнің жедел желісінің байланыс деректерін ұсынамын", – деді Кенжеғұл Сейтжан.
- Омудсменнің телефон нөмірі: +7 702 282 61 83
- Электронды пошта: upolnomochennyysusn.2024@gmail.com
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында су тасқынынан екі көпір зақымданды