Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
Ерболат Ыбырайханов бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.Жамбыл облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерболат Ыбырайханов су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің ресми Telegram арнасы жазды.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайханов Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Ол тарифтік саясат пен құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары да болған.
Оқи отырыңыз: Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.