Су күніне 3 сағат қана беріледі: Теміртау тұрғындары түгел сусап отыр
20 күн бұрын әбден ескірген су құбыры жарылып, бүтіндей бір қала сусыз қалды. Қала әкімі Ораз Тәуірбеков тұрғындарға суды күніне үш сағат қана қосып береді.Құбырды жөндейтін компания анықтамаған, сондықтан шенеуніктер жөндеу жұмыстары қашан басталатынын білмейді. Су 20:00-ден 23:00 сағат аралығында ғана беріледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қаладағы дүкендерде судың бағас екі есе қымбаттаған.
"Су кесте бойынша беріледі. Суық су жоқ, ыстық су бар. Бізге керегі – суық су. Кір жуғанда, балаларымызды жуындырғанда қиын", – деді Теміртау қаласының тұрғыны Айнагүл Қуанған.
Шенеуніктер Қарағанды – Теміртау су құбырының ескіргенін айтады. Соған байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізілмек, бірақ оны жөндейтін компанияны әлі анықтамаған.
"Бүгінгі күнде бес шақырымды жөндеу бойынша конкурстық рәсімдерді күтудеміз. Қазіргі уақытта жаңағы аталған Қарағанды-Теміртау су құбырын жөндеу бойынша жиырма жеті шақырым жобалау істеріне кірісіп кеттік. Осы жобаларды іске асырып болғаннан кейін су кестесіз беріледі", – деді Теміртау қаласы әкімнің орынбасары Ринат Қыдырбеков.
Оқи отырыңыз: "Бір тамшы жаңбыр жаумаған". Ертіс өңірінде егін күйіп барады