Құбырды жөндейтін компания анықтамаған, сондықтан шенеуніктер жөндеу жұмыстары қашан басталатынын білмейді. Су 20:00-ден 23:00 сағат аралығында ғана беріледі, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қаладағы дүкендерде судың бағас екі есе қымбаттаған.
"Су кесте бойынша беріледі. Суық су жоқ, ыстық су бар. Бізге керегі – суық су. Кір жуғанда, балаларымызды жуындырғанда қиын", – деді Теміртау қаласының тұрғыны Айнагүл Қуанған.
Шенеуніктер Қарағанды – Теміртау су құбырының ескіргенін айтады. Соған байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізілмек, бірақ оны жөндейтін компанияны әлі анықтамаған.
"Бүгінгі күнде бес шақырымды жөндеу бойынша конкурстық рәсімдерді күтудеміз. Қазіргі уақытта жаңағы аталған Қарағанды-Теміртау су құбырын жөндеу бойынша жиырма жеті шақырым жобалау істеріне кірісіп кеттік. Осы жобаларды іске асырып болғаннан кейін су кестесіз беріледі", – деді Теміртау қаласы әкімнің орынбасары Ринат Қыдырбеков.
Оқи отырыңыз: "Бір тамшы жаңбыр жаумаған". Ертіс өңірінде егін күйіп барады