Студенттердің жұмысқа орналасуын жеңілдететін карьералық орталықтар құрылады
Жұмыстарға Саясат Нұрбек жетекшілік етеді.Студенттерге оқуын тәмамдаған соң жұмысқа орналасуға көмектесетін 100-ден астам карьералық орталық құрылады, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
"Бүгінде тәжірибесі және таңдаған мамандығына сұраныстың аздығынан жастар жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болып отыр. Бұған қоса Қазақстанда 220-дан аса мамандық трансформацияланып, 239 жаңа мамандық пайда болуда. Осыған орай, халықаралық тәжірибеге сәйкес жұмысқа тұрудың тиімді жолы ретінде Павлодар облысының жаңа кәсіптер атласы тәжірибеден өтті", – деді Ералы Тоғжанов.
Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек: Халық "Қазақстан-2050", "Ұлы дала" сияқты бағдарламаларды қабылдамады
Премьер-министрдің орыбасары дәл осындай 17 өңірлік карта әзірленіп, қолданысқа енгізілетінін айтты. Карталар экономиканың 9 негізгі саласы бойынша әзірленеді.
"Алғаш рет жоғары оқу орындарында студенттердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін 100-ден аса карьералық орталық құрылады", – деп қосты Ералы Тоғжанов.
Аталған жұмыстарға депутат Саясат Нұрбек жетекшілік етеді.