Соңғы 3 жылда Қазақстанда рубльге деген сұраныс күрт төмендеді – Бірінші кредиттік бюро
2024 жылы ақша айырбастау пункттерінің қолма-қол рубльмен жүргізген нетто сатылымы -9 млрд теңгені құрады. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, бұл – соңғы бес жылда алғаш рет тіркелген теріс көрсеткіш, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.
"Ресей валютасының америкалық валютаға қатысты 13,4% әлсіреуіне байланысты халық арасында рубльге деген қызығушылық төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай динамикаға әсер еткен себептер қатарында Ресейдегі доллармен және еуромен жасалатын биржалық сауданың тоқтауы, сондай-ақ ресейлік 50-ден астам банкке салынған санкциялар бар", – деп жазылған Data hub Telegram арнасында.
Арнаның жазуынша, 2023 жылы рубль бірден 30%-ға әлсіреген. Оның себептері:
- Ресейдегі капиталдың жылыстауы;
- жыл басындағы мұнай экспортының теріс динамикасы;
- импорттың өсуі.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың қарызы 24 триллион теңгеге жетті – Бірінші кредиттік бюро
Рубльге деген таза сұраныс Қазақстандағы 20 өңірдің 15-інде тіркелген. Ең жоғары сұраныс Шығыс Қазақстан облысында тіркелсе, Алматы сұраныс өте төмен.