USDUSD: 498.5 / 501.5
  • EUREUR: 539.0 / 545.0
  • RUBRUB: 5.69 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +2C
Все города

Соңғы 3 жылда Қазақстанда рубльге деген сұраныс күрт төмендеді – Бірінші кредиттік бюро

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
2024 жылы қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минус көрсеткішке ие болды.

2024 жылы ақша айырбастау пункттерінің қолма-қол рубльмен жүргізген нетто сатылымы -9 млрд теңгені құрады. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, бұл – соңғы бес жылда алғаш рет тіркелген теріс көрсеткіш, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро

"Ресей валютасының америкалық валютаға қатысты 13,4% әлсіреуіне байланысты халық арасында рубльге деген қызығушылық төмендеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай динамикаға әсер еткен себептер қатарында Ресейдегі доллармен және еуромен жасалатын биржалық сауданың тоқтауы, сондай-ақ ресейлік 50-ден астам банкке салынған санкциялар бар", – деп жазылған Data hub Telegram арнасында. 

Инфографика: Data Hub Telegram арнасы

Арнаның жазуынша, 2023 жылы рубль бірден 30%-ға әлсіреген. Оның себептері:

  • Ресейдегі капиталдың жылыстауы; 
  • жыл басындағы мұнай экспортының теріс динамикасы; 
  • импорттың өсуі. 

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың қарызы 24 триллион теңгеге жетті – Бірінші кредиттік бюро


Рубльге деген таза сұраныс Қазақстандағы 20 өңірдің 15-інде тіркелген. Ең жоғары сұраныс Шығыс Қазақстан облысында тіркелсе, Алматы сұраныс өте төмен. 

Серіктестер жаңалықтары