Солтүстік Қазақстандағы денсаулық сақтау басқармасының қоймасынан мерзімі өткен 1800 вакцинаның дозасы табылды
Бұл 7,8 млн теңгенің қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы вакциналары болды.Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.
Санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн. теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды.
"Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады", – деп жазылған хабарламада.
4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша" сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Павлодарда екі балаға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған