Үшінші тоқсаннан бастап Қазақстан мектептеріне "Цифрлық сауат" пәні енгізіледі. Осылайша, оқушылар оны аптасына бір рет, жалпы саны 17 сағат оқиды. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.

"Цифрлық сауат" тек екінші жарты жылдықтан бастап енгізіледі және оны 17 сағат қана оқитын болады. Ол басқа пәннің орнына енген жоқ, оның өз орны бар. (...). Оқу жоспарына "Цифрлық сауаттылық" санитарлық нормалармен бекітілген сағат көлемінде енгізілді. Бұл жерде ауытқу жоқ, тиісті нормалар сақталады", – деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ, ведомство өкілі "Цифрлық сауат" пәнінің бастауыш сынып оқушылары үшін еш ауыртпалық түсірмейтінін мәлімдеді. Бұл үшін бағдарламаны әзірлеуге ақпараттық технология мамандары атсалысқан.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының аясында "Цифрлық сауат" пәнін енгізу бойынша шешім қабылданған. Одан бері үлкен жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, педагогикалық қауымдастықтармен осы мәселе үлкен талқылаулардан өтті. Сонымен қатар, IT бағытындағы мамандармен үлкен талқылаудан кейін оқу бағдарламасы жасалды. 1-сыныпта цифрлық сауаттылық тек екінші жарты жылдықта енгізіледі. Бір жыл ішінде оны оқушылар тек 17 сағат бойы ойын технологиялары арқылы меңгереді. Ол пән оқушыларға үлкен қиыншылық туғызбайды. Оның үстіне кішкене жастағы балалар бүгінгі күні гаджет, смартфондарды пайдалану жағын өте жақсы меңгерген. Сондықтан бұл жерде тек бағытталған білім беріледі", – деп қосты Шолпан Каринова.

Мұнымен қатар, бірінші вице-министр әлеуметтік желіде ата-аналар наразылық білдіріп отырған "Көркем жазу" мәселесіне тоқталды. Айтуынша, оны әрі қарай жүргізу әр мұғалімнің еншісінде.

"Көркем жазу" – бөлек пән емес. Ол – оқу сауаттылығы шеңберінде оқытылатын, әдістемемен әр мұғалім жүргізетін жұмыс. Алынып тасталған жоқ. Сондықтан "Көркем жазу" талаптары биыл оқу жылының басында бекітілген инструктивті білім мекемелеріне жеткізілетін хат деңгейінде жеткізілді. Бұл – үлкен әдістемелік құжат. Оның ішінде бастауыш сыныптар үлкен көңіл бөлуі керектігі жөнінде деректемелер берілді. Оны орындап, әрі қарай жүргізу әр мұғалімнің еншісінде", – деп түсіндірді Шолпан Каринова.

Еске салсақ, Just Support директоры мектеп психологы бәріне үлгеруі үшін тәулікте 48 сағат болуы қажет екенін айтқан болатын. Қазақстанда бір психологқа 1500-2000 баладан келеді.