Соколов-Сарыбай шахтасында жұмысшы қаза болды
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жұмысшы қаза болды. Бұл туралы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ хабарлады.
"280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмысшы қаза болды", – делінген хабарламада.
Кен орны басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтты. Өндірістік бірлестік марқұмның отбасына қажет көмек көрсетілетінін жеткізді.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.