Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жұмысшы қаза болды. Бұл туралы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ хабарлады.
"280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмысшы қаза болды", – делінген хабарламада.
Кен орны басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтты. Өндірістік бірлестік марқұмның отбасына қажет көмек көрсетілетінін жеткізді.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07