Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 13 ақпанда SMS-хабарлама жолдаған 12 мыңнан астам жұмыссыз жастың 101-і жұмысқа орналасты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.

"Бұл – пилоттық жобаның бірінші легі болды. Хабарлама жіберілген 23-35 жастағы 12 мың азамат зейнетақы жарналарына тексеру жүргізу нәтижесінде анықталған. Оның ішінде 4,8 мыңы элекронды еңбек биржасына кірді. Қазір 101 адам жұмысқа орналасты. 39 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуды бастады", – деді вице-министр.

Минитстрлік хабарлама алған барлық азамат жұмысқа орналасып, нәтижесін көрсеткеннен кейін ғана қалған азаматтарға SMS-хабарлама жолдайды.


Оқи отырыңыз:


Сонымен қатар, вице-министр электронды еңбек биржасында Қазақстан бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат бар екенін еске салды. Сонымен қатар елді мекендердегі жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу үшін мобильді жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы басталғанын атап өтті.

Еске салайық, Қазақстанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламалары бар.