Премьер-министр Әлихан Смайылов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметшілер саны 15% қысқарғанын айтты.

Ол Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуы осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

"Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеттігі кеңейтілді", – деді Әлихан Смайылов.


Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге: Президент – әулие емес, оны мадақтаудан гөрі халық алдында абыройлы болу маңызды.


Мұнымен қатар мемлекеттік қызметшілер саны 15% қысқарғанын айтты.

"Бұл жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Ол министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады", – деді ол.