Тікелей эфир

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге: Президент – әулие емес, оны мадақтаудан гөрі халық алдында абыройлы болу маңызды

Президент мемлекеттік қызметшілерге тек арадағы менеджер екенін еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан екінші ұлттық құрылтай кезінде басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғаса беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің бойында болуы тиіс екі қасиетті атады.

"Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілердің келісімшарт мерзіміне сәйкес тек менеджер қызметін атқаратынын еске салды. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Өмірбаяны қолдан жасалған кеңес дәуірі қайраткерлерінің есімін түрлі нысанға беруді доғару қажет


"Жасалған реформалардан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет етеді. Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес", – деді президент. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары