Екі ай бұрын ғана жөнделген Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы тағы да баяулады. Жылу алмастырғыш қондырғысы бұзылғандықтан АИ-95 маркілі бензинді өндіру мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады

"Оны ауыстырмаса, шығын үш есеге көбеймек әрі октанды жоғарылату қоспасы да көп жұмсалмақ. Зауыт өндірісіне қажет қондырғы Ресейде ғана өндіріледі. Құны – шамамен 10 миллион доллар. Жұмысты мүлдем тоқтатпау үшін өнімдерді жартылай өңделген қалпында қоймада сақтауға тура келеді. Бұл бензин бағасының қымбаттауына әкеп соқтырады", – дейді мамандар.

Ал қондырғыны ауыстыруға қанша уақыт кететінін ешкім айта алмай отыр.