Еліміздің жанармай құю бекеттері Ресейден бензин импорттау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, бұған жазғы демалыс кезеңі мен АИ-95 бензиніне сұраныстың артқаны себеп болып отыр.
"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері индикативтік жоспар шеңберінде PetroRetail, Sinooil, Helios және "Газпромнефть" сияқты ірі жанар-жағармай құю стансалары АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтап жатыр", – делінген хабарламада.
Қазір Қазақстандағы жанармай қоры мынадай:
- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна. (23 тәулікке жетеді);
- АИ-95 – 50 мың тонна (15 тәулікке жетеді);
- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулікке жетеді).